24.06.2024, 21:30
Оқылды: 156

Сырым ауданы: қоғам жүрегінің "кардиологтарымен" кездесті

Бүгін Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Кубаев Орал қаласындағы "Жайық Пресс" медиахолдингінде облыстық қоғамдық-саяси басылымның басшыларымен кездесті. 

InShot_20240624_165712320

Тимур Берікұлы директор Дархан Оразов бастаған "Жайық Пресс" ұжымын, қоғам жүрегінің "кардиологтары" - журналистерді алдағы кәсіби мереке – бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтап, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың сәлемін жеткізді.

Сырым ауданындағы қоғамдық-саяси оқиғаларды, бұқаралық шараларды облыс аумағына насихаттауда "Орал өңірі", "Приуралье" газеттері белсенді. Бүгін редакторлары Бауыржан Ғұбайдуллин, Тоқтар Кенжағалиевке және "Жайық Пресс" ақпарат агенттінің басшысы Нұрбек Оразаевқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың алғысхаттары тапсырылды.

IMG_2092

Осы секілді "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің орталықтағы қызметкерлері –  дизайнер Жасұлан Көшекқалиевке, корректор Мөлдір Әнуарбекқызына да құрмет көрсетілді. Жасұлан аудандық басылымның әр санын беттеп, безендіретін болса, Мөлдір газет бетінде қателердің болмауын қатаң қадағалайды.

Тимур Кубаев өңірдегі баспасөздің қара шаңырағы – "Жайық Прессті" алдағы уақытта да әріптестік аясында қызмет атқаруға шақырды.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале