Кеше "Спорт жұлдыздары" республикалық ғылыми-әдістемелік патриоттық журналы редакция алқасының шешімімен бұлдыртылық білектілердің бапкері, жас чемпиондардың ұстазы Төлеген Құраш "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" төсбелгісіне ие болған.
Ақжолтай хабарды ести сала, журналдың бас редакторы Мұсағали Тасқалиевпен тілдескен едік.
- Төлеген Сансызбайұлы тек шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, өзі де көптеген спорттық сайыстардан жүлделі орындарды иеленіп жүрген бапкер. Нағыз бапкер - өз ісімен үлгі бола білетін бапкер дер едім. Төлеген сияқты кішкентай ауылда тұрып, чемпиондар шығарып жүрген дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері тек аудан, облыста ғана емес, республика көлемінде санаулы. Солардың бірі де бірегейі - Төлеген Құраш,- деді Мұсағали Тасқалиев.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы