1.11.2021, 10:15
Оқылды: 72

Сырым ауданына министр келді

Кешегі аптада Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев келіп, "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасы аясында жүзеге асқан жұмыстармен танысты.

248975435_2266543780318992_3608960694356049453_n

Соңғы жылдары Жымпитыда ауылішілік жолдардың жөнделуі қарқынды. Биыл Қарасу мөлтекауданындағы О.Исаев көшесінің 1,2 шақырымы мен Х.Есенжанов көшесінің 200 метрі асфальтталды. Брекешев мырза бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек деді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сырым ауданында орын алған елеулі жаңалықтың бірі – аудандық тарихи - өлкетану музейі үшін жаңа ғимараттың реконструкциясының басталғаны. Болашақ музейдің жөн-жобасын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев тамашалады.

251030155_2266543723652331_8733580464410294537_n

- Алдағы жылы жаңа музей есігін айқара ашады деп күтудеміз. Келушілерді барлық талапқа сай жабдықталған, жәдігерлерге бай 5 үлкен зал қарсы алмақ. Бұдан бөлек, қор бөлімдерінің арнайы бөлмелері, көрме залдары және дәрісхана болады. С.Датұлы атындағы тарихи - өлкетану музейінің қорында 6000 жәдігер бар. Жаңа ғимарат тарихи құнды дүниелерімізді жаңаша насихаттауға мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді музей меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева.

Мұражай жаңғырту жобасының құны 179 621, 417 млн. теңгені құрайды.

Министр Сырым ауданынан Қаратөбе ауданына аттанды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале