4.07.2017, 15:22
Оқылды: 69

Сырым ауданына жаңа әкім тағайындалды

IMG-20170704-WA0065Облыс әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданы активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін осы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Төлеген Төреғалиев Сырым ауданының әкімі болып тағайындалды.


Төлеген Серікқалиұлы 1960 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1983 жылы Орынбор ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы зооинженер.

1983-1994 жылдары Жымпиты ауданы «Жосалы», «Бұлдырты» совхоздарында экономист, зоотехник, бас экономист, бас зоотехник  қызметтерін атқарған.

1994-2006 жылдары «Ақжол» шаруа қожалығының жетекшісі.IMG-20170704-WA0066

2007 жылы Сырым ауданының Жосалы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

2007 жылдан бері Сырым ауданы әкімінің орынбасары  қызметін атқарып келді.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан әкіміне Мемлекет басшысының алға  қойған тапсырмалар мен міндеттерді орындауда, аудан тұрғындарының әл ауқатын арттыру жолында табысты жұмыс тіледі.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале