19.05.2022, 11:30
Оқылды: 136

Сырым ауданында 12 шаруашылықтың жері кері қайтарылмақ

Бүгін Сырым ауданының әкімдігінде жер пайдалану мәселесі төңірегінде келелі жиын болды. Оған БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің БҚО-дағы департаментінің басшысы Берік Есенғалиев, облыстық мәслихат депутаты Серік Жарылғапов қатысты. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев төрағалық етті.

AD0BDC24-6BBF-4571-BD67-1A931F890466

Осы күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбайтын шаруашылықтар да саланың салмақты мәселесіне айналды. Жоғарыда аталған департаменттің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Тахир Нұрахметов алғанын не өзі оқсатпай, не қайтармай жүрген шаруашылықтармен ымырасыз жұмыстар жүріп жатқанын айтты.

Бұл бағытта Сырым ауданында көзге көрінетіндей істер бар. Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, ауданда соңғы үш жылда шаруашылықтар иелігіндегі 73 000 га жер үкіметке қайтарылған.  Жер ресурстарын басқару комитетінің өңірдегі департаментіне тағы 12 қожалықтың пайдаланбаған жерін қайтаруға қатысты ұсыныс жолданған.

Иә, жерді иеленіп, алайда игілігін не өзі көрмей не басқа шаруаларға бермей отырғандар бар. Мал құжатта бар, жайылымда жоқ. Бұл мәселе егістік жерлерге қатысты.

Жиналыстан кейін ауданда нақты шаралар қолға алынбақ.

Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале