3.07.2024, 23:01
Оқылды: 202

Сырым ауданында 16 үйге қайта зерттеу жүргізілді

Сырым ауданы бойынша су тасқынының салдарынан 114 үй жаңадан салынатын болып, 150 үйге күрделі жөндеу тағайындалды деп жаздық.

IMG-20240703-WA0062

Дегенмен, тұрғындар арасында тексеру қорытындысына наразы, яғни үйін жөндеуге жарамайды деп санайтындар бар. Олар жаңа үй салуды сұрайды.

Кеше Сырым ауданына ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен келгенде халық бұл мәселеге қатысты оң шешім сұрады. Вице – премьер Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовқа наразы тұрғындар үшін басқа зерттеп – тексеруші компанияны шақырып, үйлерін қарауды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке тапсырманың орындалуын қадағалауды міндеттеді.

IMG-20240703-WA0063й

Осы аптада Сырым ауданына «West Kazakhstan Survey» ЖШС мамандар арнайы құрылғыларымен келіп, Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарындағы 16 үйдің техникалық күйлеріне қайта зерттеу жүргізді.

Актқа байланысты шешім қабылданатын болады.

Б. Шешім,

Сырым ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале