Жасы тоқсан бестен асса да, ел өміріндегі маңызды науқаннан қалыс қалмай, азаматтық таңдауын жасауға келген Қаршыға Шамаров сайлау учаскесінде дауыс берді.
Қаршыға ақсақал – ғибратты ғұмыр кешіп, елдің талай белесіне куә болған ардақты қария. 1931 жылдың 5 қаңтарында Қазталов ауданында дүниеге келген ол кейін Жымпиты ауылына қоныс аударып, осында білім алып, еңбек жолын қалыптастырған.
1952-1956 жылдары Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтегеннен кейін елге оралып, ауыл шаруашылығы, өрт сөндіру бөлімі, пошта, орман шаруашылығы, нан зауыты сынды түрлі салаларда еңбек етті. Бұған қоса Ресейдің Магадан облысында ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болып, ағаш тасымалдау саласында да маңдай терін төккен.
Қаршыға ақсақалдың жалпы еңбек өтілі – 44 жыл. Өмірлік жары Сарамен бірге бес ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде немере-жиендерінің қызығын көріп, ұрпағының ортасында өнегелі қария ретінде отырған ақсақал үшін елдің тыныштығы мен болашағы қашанда маңызды.
Жуырда ғана 95 жылдық мерейтойын атап өткен Қаршыға Иманшұлын аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев арнайы барып құттықтаған болатын. Қарияға шапан жауып, аудан әкімінің құттықтау хатын табыстаған еді.
Бүгінгі сайлау күні де ақсақал елмен бірге болып, өз таңдауын жасады. Тоқсан бес жылдық ғұмырында талай тарихи кезеңді бастан өткерген қарияның сайлауға келді
Абыз ақсақал сайлауға үнемі өзі келіп, таңдау жасайды.
Шынар Молданиязова