17.05.2022, 14:59
Оқылды: 51

Сырым ауданында әкімдердің тұрғындармен кездесуі басталды

Сырым ауданында әкімдердің тұрғындармен кездесуі басталды. ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы #286 "Әкімдердің халықпен кездесулері өткізу туралы" Жарлығына биылдан бастап әкімдер халық алдында тоқсан сайын есеп береді.

FA076F5D-B403-4C26-AA20-FC6691324392

Кеше осы мәнді жиналыс Жетікөл  ауылдық округінде өтті. Округ әкімі Айболат Нұрмұхановтың айтуынша, шаруалар бүгінгі күнге дейін 800 бұзау, 11888 ұсақ малдан 2530 қозы - лақ, 487 құлын алған. Төлдету науқаны жалғасуда. Малдың өсіп - өнгені, төлдің туып, өргені жақсы ғой, ауыл жұртын түлік арасында тараған індет қинап отыр. Аурудың алдын алу мақсатында қазіргі таңда жеке тұрғындарға тиесілі 1400, қожалықтардағы 1600 бас ірі қараға вакцина егілген. 645 басқа екпенің екінші компоненті салынды.

Округтегі негізгі мәселенің бірі - электр жарығы. Ақоба, Қарақұдық, Жетікөл елді мекендерінда ауа райының қолайсыз уақытында жарық жиі сөнеді. Желілерді жөндеу үшін 45 дана бағана, 3,5 шақырым сым, 20 дана тіреу тасы, 80 дана оқшаулағыш керек. Ауылға қосымша электромонтер да қажет.

Кездесуді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады.

Жиындардан кейін басшылар халықты жеке мәселелері бойынша қабылдап жатыр.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале