15.02.2024, 23:53
Оқылды: 38

Сырым ауданында "Ауыл аманаты" жобасы аясында кездесу өтті

Батыс Қазақстан облысында ауыл халқының табысын арттыру "Ауыл аманаты" жобасы аясында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша түсіндіру жұмысы тобы Сырым ауданына қарасты Жымпиты, Алғабас тұрғындарымен кездесті.

6d93d0fa-77fd-467e-9cd0-7d7980f943c0

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ерболат Ахметовтың төрағалығымен өткен жиынға “Aqjaiyq” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, несие беру және несиеден кейінгі қызмет көрсету департаментінің директоры Алтынбек Жұматаев, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Еңбек” мобильді орталығы директорының орынбасары Айнұр Қазмұханова, “Ауыл аманаты” жобасының менеджері Руслан Ермеғалиев, қоғам белсендісі Жалғас Жиенғалиев, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Асхат Бисенғалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Гүлжанат Ханғожина, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және жауапты мамандары, ауыл тұрғындары қатысты.

0d78ec01-6c1b-4405-b3b1-28c782fcd09a

Жиын барысында “Ауыл аманаты” пилоттық жоба аясында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлары туралы түсінік жұмыстарын жүргізу үшін облыстан жұмыс сапарымен арнайы келген жұмыс тобы өкілдерінің айтуынша, жобаны аудан көлемінде іске асыру бағытында жүргізілген скрининг нәтижелеріне сәйкес сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту және өндіріс саласын дамытуға басымдықтар берілген болса, қазіргі уақытта аудан бойынша 126 тұрғын бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріп, нәтижесінде 112 адамға 798,7 млн.теңге көлемінде қаржы мақұлданып, қаражаттары аударылған.

- Күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін ескере отырып, туындаған мәселелерді бірлесе шешіп, ниет білдіруші жергілікті тұрғындарға барынша қолдау көрсетіп, жобаның оң нәтиже беруіне бірлесіп жұмыстануға шақырамын, - деп сөзін түйіндеді төраға Е.Ахметов.

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале