30.01.2019, 12:15
Оқылды: 43

Сырым ауданында ауылшаруашылығының цифрлануы қарқынды

Сырым ауданындағы ауылшаруашылығы саласы кейінгі жылдары қарқынды даму мен жаңа жаңалықтарға кенелді. Бұл туралы аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері алдында баяндама жасаған Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтты.

 syrym (1)

Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, ауданда ауылшаруашылығы саласының цифрлануы жақсы қарқынмен жүзеге асып, күні бүгін 18 шаруашылық GPS –трекер құрылғысын пайдаланады. 2018 жылы «Жәдік» шаруа қожалығы шаруашылығына ел арасында «ұшатын бақташы» деген атауға ие болған дрон аппаратының қызметін қолданысқа енгізді. Осындай 3 бірдей шаруашылық электронды мал бағу құрылғысын қолдануда.

Аудан ауылшаруашылығындағы ауқымды істердің қатарына асыл тұқымды мал шаруашылығы дамуы да жатады. Бүгінгі күні асыл тұқымды ірі қара аудандағы ірі қара малдың жалпы санының 7, 9 пайызын құрап отыр.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале