1.05.2025, 12:30
Оқылды: 361

Сырым ауданында «Достық пен ынтымақ күні» атты мерекелік шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сырым аудандық мәдениет үйінде «Достық пен ынтымақ күні» атты мерекелік шара өтті. Көк байрақ астындағы көп үн бір үнге айналған күні сахна шымылдығы өзге ұлт өкілдерінің биінен қойылған композициямен ашылды.

494589592_1288302539961953_2984540137310402372_n

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов жерлестерін мерекемен құттықтап:

– Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына бөленген 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бейбіт елде өмір сүретін халық үшін бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын бұл мереке қашан да зор маңызға ие. Биыл Қазақстан халқы бірлігі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл ұйым еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуда өзіндік рөл атқарып келеді. Бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде қашан да нәтижелі істердің алға басатыны белгілі. Осы орайда Сырым жұрты бірлігі мен берекесі жарасқан өңір. Біз өзара түсіністік пен сыйластықты ту етіп, туған өлкемізді өркендету жолында бірлесе жұмыс істеп келеміз. Осы игі жолда әрқайсымыздың қосқан үлесіміз бағалы. Бәріміз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының күн санап өркендеуіне айрықша үлес қосудамыз. Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, ырыс-ынтымақ, бақыт тілеймін! Мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Бірлігіміз бекем, еліміз тыныш болсын!-деді.

494381243_1288302586628615_3038113674532336035_n

Әрі қарай шара мерекелік концертке ұласып, әсем әндер әуелеп, құлақтан кіріп бойды алды. Мың бұралған бишілер шырқ айналып, сахнаның сәнін келтірді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

494351683_1288302633295277_7400901085396052160_n 494372761_1288302396628634_3808018348561559239_n 494454942_1288302496628624_6851439201746270784_n 494555074_1288302343295306_2514526532569831161_n 494733918_1288302456628628_7046641693811077700_n

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале