6.03.2024, 14:45
Оқылды: 40

Сырым ауданында облыстық семинар өтті

Сырым ауданының колледжінде «Кітапхана – білімнің көзі, кітапханашы – оның тірегі» атауымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашыларының шығармашылық жұмысын насихаттау, тәжірибе алмасу, кітапханашылардың беделін көтеру мақсатында облыстық семинар өтті.

5c1699c2-d56f-40a6-b27e-0feffda1d675

Қаратөбелік Айгерім Шамғалиева «Кітап оқу да – өнер», Орал қалалық Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кітапхана меңгерушісі Ұлболсын Қабиева «READx жобасы – рухани дамудың дағдысы», Орал политехникалық колледжінің кітапханашысы Тоқжан Калжанов «Кітапханашы  - өзіндік тұлға», Жоғары аграрлық техникалық колледжінің кітапханашысы Айдана Есенаманова «Кітап оқуды насихаттаудың жаңа әдістері», Сырым колледжінің кітапханашысы Гүлнара Зимуханова «Кітапхана – рухани құндылығымыз», Сырым колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шынар Хайруллина «Мен оқыған бір кітап» айдары аясында әңгіме өрбітіп, пікірлерін ортаға салды.

8d827d71-5edb-4afb-93cc-4b07f52be6d4

Сырым колледжінің кітапханашысы Гүлнар Зимұханова «Кітап – мәңгі асыл мұра» атты жергілікті ақын-жазушылардың туындыларына арналған көрмемен таныстырды.

8dd2ce14-3704-4b4e-b781-498f2cdd2d0e

Одан бөлек, әріптестер заман талабына сай оқырманды кітап оқуға құштар қылудың тиімді жолдарын айтып, тәжірибелерімен бөлісті.  Кітапхана қызметкерлері үшін бір-бірімен еркін алаңда ой алмасып отыру, расымен, өте маңызды.

acbaaa3c-a6cf-4396-8f4e-af2b0257fe60

Аталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.
Семинар қатысушыларына кофе брейк ұйымдастырылып, колледж психологі Айжан Орынбекова сергіту тренингін өткізді.
Алғыс айту күні қарсаңында өткен тренингте кітапханашылар арнайы дайындалған суреттер арқылы жақын адамдарына, ұстаздарына алғыс айтып, «Алғыс әнін» қосыла шырқады.

 Семинар қонақтардың «Алаш музейіне» сапарымен қорытындылады.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

209b7d6a-aa4f-442f-ba33-b62f6a762809 a5566d8a-d95b-4f9b-a02b-06a1eeb5d527 aeec61c9-325a-4265-8aec-c3258699537e bfc81251-e433-4cd6-9913-d789470ca730 c6832504-c7db-4aea-ab25-ce4ee8628365

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале