27.02.2025, 9:15
Оқылды: 330

Сырым ауданында өткен еңбек жәрмеңкесінде 72 бос жұмыс орны ұсынылды

Сырым ауданында «Жұмысшы мамандықтары» жылы ресми түрде ашылды.

PHOTO-2025-02-26-18-45-29

Түске дейін мәдениет үйінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты кәсіптік мамандық көшбасшыларының форумы өтті.

Күн мамандықтар жәрмеңкесімен жалғасты.

Сырым аудандық мансап орталығының басшысы Сәбит Өмірзақовтың айтуынша, жәрмеңкеге 12 жұмыс беруші 72 бос жұмыс орынын шығарған. Олардың ішінде күзетші, газ операторынан бастап, мұғалімдік, тіпті учаскелік полиция инспекторы лауазымдарына дейін бар.

PHOTO-2025-02-26-18-45-29 (1)

Шара барысында 19 адамға кеңес беріліп, 5 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, екі жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында қызметке тұратын болды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале