15.04.2026, 21:00
Оқылды: 10

Сырым ауданында өткен сессия отырысында ауылдық округтердің бюджеттік жоспарлары қаралып, бекітілді

Бүгін Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХХV сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде ауылдық округтердің бюджеттік жоспарлары қаралып, бекітілді. Отырысты аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева жүргізді.

IMG_0018
Әр округтің өз даму жолы бар, сәйкесінше мүмкіндігі мен қажеттілігі де әртүрлі. Кідірген шаруаны орнынан қозғайтын - бюджет. Әкімдердің дені қолына түскен қаражатпен төтенше жағдайға дайындықтарын нықтап алмақ. Мәселен, Бұлан, Елтай ауылдық округтері сол үшін жеңіл автокөлік тіркемесін сатып алуға ниетті.
Қой тоғыту алаңын салуға ұсыныс бергендер де бар
Сессияға қатысқан Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Тоқмамбетов бірқатар округ бюджеттік жоспарларына сұйық қалдықтар мен қатты қалдықтарды төгетін орындардың құжаттарын реттеу, саябақтарды реттеу жұмыстарын енгізгенін, бұл “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының маңызымен үндесетінін айтты.
Аудандық мәслихат депутаты Серік Зиятов Шідерті өзенінің жағасындағы «Достық» лагері ғимаратының күрделі жөндеуі мәселесін көтерді. Жоба 80 млн теңгені құрайды.
Әкім орынбасарының айтуынша, балалардың каникул кезіндегі тынығу және тәрбие шаралары үшін бейінді ғимарат қажет екенін, сондықтан Бұлан ауылдық округіндегі “Достық” лагерінің ғимаратын жөндеуді қолдайтынын айтты. Себебі, лагерьлерді орта мектептер базасында ұйымдастыру талапқа қайшы.
Сырым ауданы биыл балаларды 100 пайыз жазғы демалыспен қамтуды жоспарлап отыр.
IMG_0019
Сессияда Сырым аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы №10 - 4 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Шешімнің жаңа жобасымен аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева таныстырды.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале