15.05.2021, 11:49
Оқылды: 147

Сырым ауданында спорттық отбасылық эстафета ұйымдастырылды

Сырым ауданы орталығында 15 мамыр - Отбасы күні мерекесіне орай​ ​отбасылық эстафетадан аудандық сайыс өтті. Эстафетаға аудан орталығы Жымпитыдан бөлек жеті отбасы қатысты.

IMG_20210515_033738_545

Тартысты өткен сайыста, І орынды саройлық Мырзағалиевтер отбасы, ІІ орынды жетікөлдік Суюншалиевтер, ІІІ орынды Шолақаңқаты ауылының тұрғындары Байсүндетовтер иеленді.

IMG_20210515_033738_749

Одан бөлек, талдыбұлақтық Айтжановтар отбасы "Жеңіске деген жігері үшін" алғыс хат иегері атанды.

IMG_20210515_033738_960

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, ақшалай сыйлық және шараға​ қатысқан барлық отбасыларға белсене қатысқаны үшін «Қайсар» спорт клубы атынан сыйлықтар табысталды.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале