Сырым ауданы Тоғанас ауылында «Әкем, шешем және мен» атты туристік отбасылар сайысы өтті.
Аталмыш жарысқа Зеленов ауданы атынан Хайрулиндер отбасы қатысты.
Бірнеше кезеңнен тұрған туристік отбасылар сайысында намысты қолдан бермеген Хайруллиндер «Спорттық бағдарлау» және «Туристік тағамдар» атты кезеңдерде үшінші орыннан көрінсе, «Үздік фотосурет» кезеңінде екінші, «Туристік көрсетілім» сынында бірінші орынға ие болды.
Осылайша өңіріміздің барлық аудандарынан келген саяхатшы жанұялар жарысының жалпы есебінде IV орынға ие болған зеленовтық жанұяның отағасы Серік Хайруллин:
-Өңірде туризм саласын дамытқымыз келсе, ең алдымен туризмге қызығушылығы бар отбасылар мен жастарды анықтап, оларды барынша қолдауымыз керек. Қызым Кәусар әлі кішкентай болса да барын салды. Келесі жарыстарда жүлделі орындардан көрінеміз деген ойдамын,-дейді.
Бұдан бөлек, сайыс барысында жекелей сын бәсекелері де болды. Ол жарыста бақ сынаған зеленовтық жас өрен Эльвина Оңғарова ІІІ орынға ие болды.
Түгелбай БИСЕН,
Зеленов ауданы