28.05.2025, 12:30
Оқылды: 112

Сырым ауданындағы түзеу кабинетінен 4 бала білім әлеміне аттанды

Сырым аудандық педагогикалық - психологиялық оңалту кабинетінде 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік шара өтті. Ертеңгілік үлгілі "Жауқазын" би ансамблінің «Қазақ» биімен ашылып, мекеме  басшысы Аида Ниязғалиева балаларға ақ тілегін жолдады.

PHOTO-2025-05-27-17-45-37 (1)

Айта кетейік, Аида Кимқызы мен дене шынықтыру маманы  Қуаныш Бисенбиев  білім беру жүйесін дамыту ісіне елеулі үлес қосқаны үшін  облыстық  білім  басқармасының «Алғыс  хатымен» және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс барысында  жетістіктерге жетіп, педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық ізденіс көрсете білгені үшін психолог Ақзер Айдарханова мен тәрбиеші Райгүл Ермуханова  аудандық білім  беру  бөлімінің  «Алғыс  хатымен» марапатталды.

Мерекелік шара "Бипыл" биімен жалғасып, мерекеге арнап дайындаған балаларымыздың тақпақтарына ұласты. Артынан аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ертегі  қойылымдары мен ойындарын  және «Лезгинка» биін тамашаладық. Мекемеміздің тәрбиеленушілері  «Әжетайым», «Анашым» әнін әуелете шырқап, «Бауырсақ» театрландырылған биімен «Сылдырмақтар» ансамбльі өнер көрсетіп, «Волшебники двора» биін биледі.

Биыл аймақтық ПМПК қорытындысымен біздің кабинеттің 3 оқушысы мектепалды даярлық сыныпқа, 1 баламыз  1 сыныпқа жолдама алды. 3 бала оңалып, ойлау мен ойнау деңгейі жағынан қатарымен теңесіп шықты.  Біз үшін ең үлкен жетістік - балаларға балалығын қайтаруға көмектесу. Оқу жылында білім әлеміне қадам басқалы отырған балаларға сәттілік тілеп, демеушілер атынан оқу құралдары табысталды.

Шара соңында балаларға кәсіпкерлеріміздің атынан ақшалай сыйлықтар мен балмұздақ таратылды. Мерекеге  сыйлықтарын беріп, демеушілік танытқан, «М-32» автокешені Гүлшат Айтбайқызына, "Марзия Холл" рестораны Жанна Төлеуғалиқызына, «Жарқын» кафесі Айболат Серіккалиев мырзаға, Алмагүл Біржанқызына  және мекемемізде бұрын  қызмет еткен педагогтарымыз Айнұр Абайқызы  мен  Гүлжанар  Боранбайқызына, сондай-ақ аудандық мәдениет үйі қызметкерлеріне «Жанашырлыққа –жан риза» деп зор ризашылығымызды білдіреміз.

Р. Баймұратқызы, 

Сырым ауданының «Психологиялық-

педагогикалық түзеу кабинеті» КММ

тәрбиеші

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале