7.09.2023, 23:59
Оқылды: 60

Сырым ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті 

Кеше Сырым ауданы көркемөнерпаздарының "Сырымның сазды әлемі" атты концерті өтті. Қала күніне орай өткен Сырым ауданының Орал қаласындағы мәдениет күндерінің аталған кешпен нүктесі қойылды. 

IMG_4367

Ақын, журналист Бауыржан Ширмединұлы тізгіндеген кеш “Жымпиты”, “Бұлан” халық театрларының қатысуымен, С.Датұлы, Ж.Досмұхамедов, А.Жұмағалиев, Қ.Мырзалиев секілді зиялылардың рөлін сомдаған шағын көрініспен басталды.

IMG_4427

Б.Ширмединұлының “Рухнама” өлеңі оқылып, Дархан Қажығалиев “Нақ-нақ” деп әуелетсе, халықтық “Сырым сазы” фольклорлық ансамблі “Әке толғауы” күйін шертіп, “Ой көк” халық әнін орындады.

IMG_4397

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен аудан аралық “Туған жерім-тұғырым” өнер фестивалі аясында Сырым ауданының көркемөнерпаздарынан бөлек дәстүрлі әншілер шеруінде Қ.Какимов, Б.Қажғалиев, М.Мұқанов, А.Алдамжаровтар ән салса, Д.Қажымов, Ж.Ғайсағалиев, Б.Қанатов, Т.Жауынбаев, М.Усманов, Қ.Төлепқалиев жерлес композиторлардың әндерін орындап тыңдарман жүрегіне жеткізе білді.

IMG_4391

Үлгілі “Жауқазын”, “Аружан” бишілері мың бұрала билесе, М.Халиуллин, Д.Есентеміров, Қ.Сұлтанияровтар Б.Халиолланың сөзіне жазылған “Жымпиты жырын” орындады.

IMG_4367

Сырым ауданының әжелер ансамблі, халықтық Кенжебаевтар, Шайхиевтар отбасылық ансамблі, “Ақ қайың” вокалды-аспаптар ансамбльдеріне де халықтың ықыласы ерекше болғанын айта кету керек.

IMG_4494

Сырым ауданының мәдениет күндеріне куә болып, қолдау көрсеткен жерлестерге, қонақтарға Сырым елі атынан аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов алғыс білдіріп, өлең жолдарын оқыса, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан ықылас гүлі жолданды.

Әуезді ән, есті өлең оқылған әдемі кеш “Атамекен” әнімен қорытындыланды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы​

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале