8.09.2025, 17:08
Оқылды: 271

Сырым колледжі ветеринарларды оқытқысы келеді

Бүгінгі жолдаудағы негізгі әңгіме -  агросала туралы. Бұл тақырыпқа Жолдауды тікелей эфирден тамашалаған Сырым колледжі ұжымының да қосар үні бар.

PHOTO-2025-09-08-13-57-38 (1)

"Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс" деді Президент. 

Иә, ауылшаруашылық саласы - әртарапты. Бірақ, қай өндірістің де қозғаушы күші - мамандар. 

Сырым колледжі механизаторларды, аспаздарды және жасанды интелекті дәуірінің мамандары - электронды есептеу жүйесі мамандарын даярлайды. 

Аудандағы колледж ветеринария мамандарын оқытуға да ниетті. Бірақ, оқу базасы дайын емес. 

Жолдау аясында бұл шаруалар да алға ілгерілер деген үміт бар.

PHOTO-2025-09-08-13-57-38

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале