11.04.2024, 17:00
Оқылды: 46

Сырым Оралмен бірге!

Қазіргі таңда негізгі көмек те, күш те Орал қаласына қарай құйылуда. Себебі Жайық жағасындағы шаһар өзеннің ғасырда болмаған тасқынынан қауіп күтіп отыр. 
PHOTO-2024-04-10-16-29-21
Кеше ғана сырымдық спортшылар, педагогтар және мәдениет қызметкерлерінің қаладағы су басу қаупінің алдын - алу шараларына қатысқанын жазған едік. Бүгін саптан Алғабас ауылындағы М. Қаналиев атындағы мектептің ұстаздары табылды.
- Көңіл үшін бір - екі адам емес, бірқатар азаматтар ауылдан көш - керуен болып аттандық. Алғабастық ұстаздар құм қаптау, вагондардан гуманитарлық көмектерді түсіріп, көліктерге тиеу жұмыстарына атсалысты. Сырым Оралмен бірге! - дейді мектеп тәлімгері, ерікті педагог Нұрболат Жұмағазиев.
Айта кетерлігі, туған қаласын судан қорғаймын деп жанталасқан жігіттердің арасында 4 сынып оқитын Айсезім де жүр. Айтуынша, үйін қорғау үшін ата - анасымен бірге тасқынға қарсы күрес шараларына қатысуға келіпті.
Айсезім ағаларына қаптардың ауызын ұстасып жүр.
Бауыржан Ширмединұлы, 
Сырым ауданы, 
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале