5.02.2025, 10:15
Оқылды: 213

Сырым полициясына сапқа тұр!

Полиция - айбын мен азаматтықтың астасқан үлгісі. Заңның қорушы, тәртіптің сақтаушы болған погондыларға елдің ілтипаты ерекше болатыны сондықтан. Әрине, жұрт арасында оларды сынайтындар да табылады. Ал, заңды құрметтейтін адам полицейді де құрметтейді. 

PHOTO-2025-01-29-00-03-31

Бүгінгі күні бұл сала да кадр тапшылығын сезініп қалады кейде. Әрине, “түн қатып жүріп, су татпай” қызметте жүруге, сөзге де, сынға да шыдап, қоғам тыныштығы үшін қалтқысыз қызметшіге айналуға екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Полиция болу сонысымен ауыр, сонысымен абыройлы.

Сырым ауданы полициясының сапы толық па?! Бұл сұрақты Сырым ауданының полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Жанболат Аязбаевқа қойдық:

- Бүгінгі күні Сырым аудандық полициясында 10 лауазымдық орын бос тұр. Қатарымызға қуатты, қарулы әріптестер керек! - дейді Жанболат Ерболатұлы. Подполковник мырзаның айтуынша, жергілікті полиция қызметінде 7 орын бос. Әкімшілік полицияға 3 маман қажет.

Полицей болу қиын ба?! Талаптары қандай?! Оған да полиция орынбасары жауап берді.

- Иә, Сырым аудандық полиция бөлімінің қатардағы және басшы құрамына 2025 жылға бос лауазым орындарына жұмысқа шақырамыз

Ішкі істер органына қызметке орналасу үшін:

- Жасы 35-ке дейін, білімі орта әскери билеті немесе жоғары дипломы бар азаматтар

- Заң  мамандығы бар жоғары оқу орнын бітіргендер.

- Алғашқы әскери даярлық мамандығы бар жоғары оқу орнын бітіргендер.

- Дене шынықтыру және спорт мамандығы бар жоғары оқу орнын бітіргендер.

- Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығы бар жоғары оқу орнын бітіргендер.

- Жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығы бар жоғары оқу орнын бітіргендер. /Организация дорожнного движения/

- Педагогикалық мамандығы бар жоғары оқу орнын бітіргендер.

- Халықаралық қатынастар мамандығы бар жоғары оқу орнын бітіргендер конкурсқа қатыса алады.

Жоғары оқу орынын бітіргендерге әскери билет талабы қойылмайды

Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтары да бар екен.

Мәселен:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы даярлық оқыту;

- атқарған қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты тұрақты жалақы;

- Тұрғын үйдің жалдағаны немесе жалға алғаны үшін өтемақы алу;

- сауықтыруға арналған еңбекақы алу;

- қызметтік киіммен тегін қамтамасыз ету;

- емдеу мекемелерінде тегін медициналық көмек көрсету;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу қарастырылған;

Міне, өзін орган саласында сынап көремін дегендер үшін Сырым аудандық полиция бөлімінің есігі айқара ашық.

Толық ақпарат алу үшін 87762120240, 31-1-17 телефондарына хабарласуға болады.

Сырым ауданының полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі

Жанболат Аязбаев мырза Сіздермен сұхбаттасуға, қызмет ұсынуға дайын.

Әсіресе, әскерден келген желкілдеген жас жігіттердің үлкен өмір жолына аттанатын жері. Полиция болу - абырой!

Бөлімнің мекен-жайы:  Сырым ауданы Жымпиты ауылы Сырым Датұлы көшесі 87 ғимарат.

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале