Аталмыш учаскеде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев таңдауын жасады.
- Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде әр азамат өз таңдауын жасап, өздері қалаған депутатқа дауыс беріп жатыр.
Дауыс беру - әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Сайлау әділ өтіп, халықтың таңдауындағы азаматтар депутат болсын!,- дейді Төлеген Серікқалиұлы.
Кезектен тыс сайлау Сырым ауданының №290 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00-де бата берумен басталды. Жымпиты ауылының 87 жастағы тұрғыны Ысқақ Курпелдесов ертемен №290 сайлау учаскесіне келді. Жұмысын бастағалы тұрған комиссия мүшелеріне батасын берді. Алғаш болып дауыс беруге келген Ысқақ Курпелдесов пен Қанипа Айдархановаға комиссия төрағасы Берік Бисалиев естелік сыйлық табыс етті.
Айта кетейік, бұл сайлау учаскесінде 1584 сайлаушы бар. Үйден дауыс беретін адамдар саны -5. Сағат 12:00-ге дейін үйден дауыс берушілердің өтініші қабылданады. Бюллетеньдер саны — 1599.
zhaikpress.kz