2.09.2021, 9:51
Оқылды: 46

Сырымда әліппені әкім табыстады

Әлемдік пандемия дүрбелеңі кім-кімнің болсын есін шығарып, еңкейген қарияны ғана емес, бесіктегі баланы да әбігерге салды. Бала болашағымыз екенін ескеріп, денінің саулығын ойлап, онлайн оқыттық. Оқушы біткен оқшауланып, үйде ой кешті. Енді міне араға жылдан аса уақыт салып, балалар онлайннан офлайнға көшіп, бәз баяғы қалыпта, мектеп қабырғасында білім алмақшы.

 әәә

1 қыркүйек күні Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде алғашқы қоңырау соғылды.

Салтанатты шараға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төрағалиев және Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанбосынов қатысты.

Ж.Досмұхамедов атындағы білім ордасы 2021-2022 оқу жылын 315 оқушымен, МАД сыныбында (33 оқушы), жалпы 348 оқушымен бастағалы отыр. Жаңа 2021-2022 оқу жылының басты ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы.

Алғашқы қоңырау күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» оқулықтары табыс етілді. Жаһанша мектебінің бірінші сынып оқушыларына әліппені аудан әкімі Төлеген Төреғалиев өзі табыстады.

 

Батырбек Жанболатов,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале