4.03.2020, 17:30
Оқылды: 47

Сырымда ардагер журналистердің үйіне тақтайша орнатылды

   «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің ардагер журналистері, ҚР Журналистер Одағының мүшелері, белгілі ақын, Сырым ауданының құрметті азаматы Махмет Қажиахметов пен газеттің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташевтің үйлерінің қақпаларына «Ардагер тілшінің үйі» деген тақтайша орнатылды. Игі бастаманы Сырым аудандық Жас туристер стансасының педагогтары мен шәкірттері жүзеге асырды.

dav

Қоғам үшін барлық мамандық та құрметті. Әйтсе де, Шерханша айтсақ, «арқалағандары алтын, жегендері жантақ» журналистер қауымының еңбегі ерекше құрмет туғызады. Олар жақсылықты жариялайды, еңбекті көрсетеді, мәселені көтереді. Бірақ өздері елеусіз жүреді.

dav

«Сырым елі» газеті – қызметімізді насихаттауда, өлкетану ісін дамытуда үлкен үлес қосып келе жатқан біздің төл басылым. Алғыс мейрамының тұсында газетке еңбегі сіңген ағаларға сәлем беріп, олардың қадірін ел – жұрт та білсін деген ниетпен үйлерінің қақпаларына «Ардагер тілшінің үйі» деген тақтайша орнаттық. Қаламгерлерге деген құрметімізді осылай білдіргіміз келді. – дейді станса директорының міндетін уақытша атқарушы Бейбіт Батыршин.

dav

Шынында да, Махмет Қажиахметов те, Мүсірбек Айташев та аудандық басылымға аянбай еңбек етіп, жазу өнеріне деген махаббаттарын өмірлерімен дәлелдеп қана қоймай, өңірдегі жас журналистерге ұстаз да бола білді. Махмет Қажиахметов 2019 жылға дейін қарапайым фототілшіден газет редакторлығына дейінгі жолды адал жүріп өтсе, бүгінде жауапты хатшы қызметіндегі Мүсірбек Айташев биыл зейнеткерлік жасқа толады. Оларға Бейбіт Батыршин алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

Қос журналист те жас туристердің ілтипаттарына разы болды. Айта кетейік, аудан орталығындағы 5 ардагер-ұстаздың үйіне де «Ардагер ұстаз үйі» деген тақтайша ілінді.

 Б. Шерім

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале