4.10.2024, 23:00
Оқылды: 5

Сырымда ардагерлер арасындағы сайыс мәресіне жетті

Қайырымдылық және қарттар күніне орай аудан орталығындағы «Қайсар» спорт клубының залында зейнеткер ардагерлер арасында асық ату, қол күресі, пневматикалық мылтық атудан аудан біріншілігі өтті.

IMG-20241004-WA0517

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Ғұмаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Біріншілікке ауданға қарасты ауылдық округтерден зейнеткер ардагерлер белсенді қатысты.

Шара алдында аудан әкімінің орынбасары Артур Мұратұлы байланыс саласының ардагері Сыдық Тәжмұқан мен спорт саласының ардагері Ғилаж Қаналиевке БҚО-ның «Құрметті ардагері» төсбелгісін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің атынан салтанатты түрде табыс етті.

IMG-20241004-WA0519

Ардагерлер арасындағы тартысты өткен сайыстың нәтижесінде қол күресінен 70 кило салмақ дәрежесінде 1 және 2 орынға Я. Молданиязов пен Ж. Мырзағалиев ие болса, 3-орынға С. Досқалиев табан тіреді.

Ал, 70 килодан жоғары деңгейдегі қол күресінде 1 және 2 орынға К. Әміров пен Ж. Меңдіғалиев, 3-орынға Е. Қайыржан ие болды.

Асық атудан жүлделі орындарды Б. Қажымов, А. Марабаев, М. Тәжіғалиев бөліссе, мылтық атудан М. Қажымұратов, Е. Нұрғалиев, А. Семғалиев өзара бөлісті.

IMG-20241004-WA0522

Жарыс жүлдегерлеріне аудандық «Қайсар» спорт клубы атынан диплом, медаль, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

IMG-20241004-WA0519

Сондай-ақ жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болған барлық жеңімпаздарға аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлер Айсұлу Ихсанова, Тәттім Халықова, Нұралы Үдіреевтың атынан қаржылай сыйлықты жергілікті жердегі ардагерлер басшылары табыс етті.

IMG-20241004-WA0520

– Ардагерлер арасындағы сайысқа демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге жарысты ұйымдастырушылар атынан алғыс айтамыз, - деді Мүсірбек Әлібекұлы.

Қондыкер Елеуов,

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале