Бүгін Сырым аудандық мешітінің ұйымдастыруымен және ауылдық кәсіпкерлердің қолдауымен "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына - 30 игі шара" жобасы аясында Өлеңті ауылындағы күрделі жөндеуден өткен аспалы көпірдің ашылу салтанаты өтті.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев және ауыл тұрғындары қатысты.
Осындай сауапты іске мұрындық болған ауыл имамы, ауыл әкімдігіне, кәсіпкерлердің шынайы ықыласпен жасаған қайырымды қадамына ауыл халқы ризашылығын білдірді.
Шарадан кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Мұратбек Мұхтарқанұлы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Жұлдыз Альпенова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz