Сырым аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік ертеңгілікте аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің меңгерушісі Аида Ниязғалиева балаларды мейрамдарымен құттықтады. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахмет республикалық «Біздің таланттар» және «Жұлдыз-ай» фестивальдарының аудандық кезеңінде орын алған балалар мен олардың жетекшілерін марапаттады. Аудан әкімі әкімі атынан жыл бойына мекемеге демеуші болып келетін кәсіпкер Жаннат Жаужиеваға алғыс хат ұсынылды.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы