5.04.2021, 10:08
Оқылды: 208

Сырымда белгілі музыкант атында сынып бар

10 сәуірде ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблінің жетекшісі болған белгілі музыкант, подполковник, жерлесіміз Жасболат Жұмағалиевтің дүниеден өткеніне 13 жыл толады.

dav

Жасболат Жұмағалиев 1962 жылы 2 ақпанда Сырым ауданы, Тасқұдық ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ауылда негізгі мектепті бітіргеннен кейін Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищесіне оқуға түсіп, үрмелі аспаптар бойынша тромбон, дирижер мамандығын алып шыққан. 1981 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, оркестр дирижері мамандығын игерген. Еңбек жолын Президент гвардиясының үрмелі аспаптар оркестрінің взвод командирі қызметінен бастады. Кейін ҚР Қорғаныс министрлігінде ансамбль жетекшісі болып еңбек етті. Үздік қызметі үшін әскери саласының жоғары басшылығының марапатына, соның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті, сол кездегі бас қолбасшы Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасына ие болды.

dav

Сырым аудандық балалар саз мектебінде Ж.Жұмағалиев атындағы сынып бар. Осы сыныпта педагог Оралбек Опағалиев шәкірттерін тәрбиелеуде. Үрмелі аспаптар сыныбында 9 оқушы труба, блофлейтада ойнап үйренуде. Оқытушы Оралбек Опағалиев балаларға сазсырнайды да игерткісі келеді. Өйткені, сазсырнай – біріншіден, қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. Екіншіден, бұл аспапта қазақтың рухын тербейтін тамаша үн бар.

Үрмелі аспаптар сыныбы Жасболаттың туған жеріндегі жаңғырығындай...

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале