27.08.2024, 9:15
Оқылды: 168

Сырымда бой көтерген жатақхананың құрылысы жыл соңында аяқталады

Сырым ауданының орталығында екі бірдей жатақхана бар. Екі ғимараттың да түпкі пайдалану мақсаты басқа, бірі – ескі мектеп, бірі – ескі кеңсе. Баспанасы жоқ жанұялардың пана мәселесін шешу үшін ғана екі нысан амалсыз тұрғынжайға бейімделген.

C561124A-6DC5-4B88-8484-D4296699D2CA

Міне, он-он бес жыл болды, 30-ға тарта жанұя аядай бөлмелерінде жастарына жас жалғап, жақсылықтарын қарсы алып, қоңыртөбел тұрмыс кешуде.

Биыл көктемде Өлеңтідегі жатақхана суға кетті. Төтенше жағдайда зардап шеккен нысан ретінде жаңа жатақхана салу туралы шешім шығып, құрылыс басталғалы да үш ай болды.

C88125D2-CB9A-419A-A66B-EBAE454B4CFE

Қазір 30 пәтерлі жатақхананың бойы көтеріліп қалды. Жатақхана дегеннен гөрі, нысан көппәтерлі тұрғын үй кешеніне ұқсайды. Әр үйдің дербес қазандығы, ас үйі, жуынатын бөлмесі мен қонақ залы бар. Жатақхана тұрғындары енді бөлмеде емес, бір бөлмелі, заманауи пәтерде тұратын болады.

Құрылыс жобасының құны – 651, 3 млн. Мердігер компания – «Профлайн» ЖШС.

Нысан желтоқсан айында аяқталады деп күтіліп отыр.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале