1.05.2021, 8:36
Оқылды: 98

Сырымда дарынды суретші Мұратбек Жоламановты еске алуға арналған сурет байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, Сырым ауданының тумасы, дарынды суретші Мұратбек Жоламановты еске алуға арналған "Асығып аққан ақ жұлдыз" атты облыстық сырттай сурет байқауы өтті. Онлайн байқауда Сырым ауданынан бөлек, Жаңақала, Тасқала аудандарынан 17 оқушы бақ сынады.

20210501_083329

Жас ерекшеліктеріне байланысты 10-13 жас аралығында І орынды Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының оқушысы Дастан Қабдол, Сырым аудандық "Балалар-жасөспірімдер шығармашылық​ орталығының" үйірме оқушысы Әділжан Жарылғас, ІІ орынды Тасқала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының оқушысы Айерке Әлібек, Сырым ауданы жалпы білім беретін Қособа ОМБК үйірме оқушысы Аяулым Әділжан, ІІІ орынды Сырым ауданы жалпы білім беретін Жамбыл негізгі мектебінің үйірме оқушылары Ақерке Жантөре мен Альфира Тоқмырза иеленді.

Ал, 14-17 жас ерекшелігі бойынша І орын Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының үйірме оқушысы Карим Садыровқа, ІІ орын Сырым аудандық "Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының" үйірме оқушылары Мақсат Сүйінғалиға, жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Ләйлә Қанапияға, ІІІ орын жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Фархат Ерсайынға бұйырды.

Жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтарға ие болса, өзге қатысушылар белсенділігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале