16.04.2021, 15:19
Оқылды: 77

Сырымда дүкендер арақ-шарап сатудан бас тарта бастады

Аз уақыт бұрын жерлес ақын Бауыржан Ширмединұлының жазбасынан ауылындағы бір баланың ораза кезінде телефонға телмірте беріп, уақытын алатын ойындар мен қосымшалардың кетіріп тастады дегенін оқығанмын. Оразаның тек ішіп-жеуден емес, барынша бойындағы дұрыс емес әдеттерден арылумен құндылығының жоғары екендігін түсінген ол балаға «Әп, бәрекелді!» - дедім іштей.

 FB_IMG_1618566072972

Сөйтсем, міне кереметті мен өскен ауылдан да көруге болады екен. Жетікөл ауылдық округінің орталығы Қосаралдағы «Данияр» дүкені қасиетті Рамазан айында сөресінде тұрған арақ-шарапты сыпырып, сатылымнан алып тастапты. Дүкен иелері Саламат ағамыз бен Айман апамыздың бұл әрекеттеріне кәдімгідей көңіл марқайды. Белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспановтың ауылындай ішімдікті тұтынбайтын, сатпайтын ауыл болып кетпесек те, бастысы сеңнің басы қозғалды. Мүмкін алдағы уақытта Жетікөлдің де аты осындай жақсылығымен жария болар. Ал әзірге бұл бастамадан басқалар үлгі алса екен.

 

Жанболат Насиев,

Қосарал ауылы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале