1.10.2024, 20:00
Оқылды: 104

Сырымда қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді 

1 қазан – Халықаралық қариялар күніне орай аудан орталығында Орал қаласында тұратын Сырымдық ардагерлер мен ауданымыздың бір топ ардагерлерінің бас қосып, емен-жарқын жүздесуі болды.

Қазыналы қарияларға құрмет 1

Аудан әкімі Батырниязов Жұмагелдінің қолдауымен болған шарада ең алдымен қонақтар Сырым Датұлы атындағы мұрайжайда болып, мұражай меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаеваның қонақтарға, қош келдіңіздер айтуымен, осындағы құнды жәдігерлермен танысты.

Ал, мұражайдың мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев кеңес жұмысының тынысы мен таныстырып, қазыналы қарияларды мерекелерімен құттықтады.

Түсте аудан орталығындағы “Алаша” мейрамханасында қонақтарға кеңінен дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі қазыналы қарияларды мерекелерімен құттықтап, ауданда атқарылып жатырған жұмыстармен таныстырды.

Дастарқан басында Орал қаласынан келген жерлестеріміз, ардагерлер Баянбек Ғұмаров, Амангелді Хамидуллин, Хамит Қаржауов, Лесқали Ақберлиев, Маржан Сұлтанова, Маржан Бектемісова, ауданның ардагерлері Ким Федянин, Асан Жүсіпов, Төлеу Шарифуллин, Қадырғали Төленов, Ғилаж Қаналиев, Әнуарбек Ғалымов, Гүлбақша Ерғалиева тағы басқалары сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Қазыналы қарияларға құрмет

Ең бастысы бұл күні көптен кездеспеген қариялар бірін-бірі көріп, сәлемдесіп кеңінен әңгіме дүкен құрды.

“Қайырымды болайық, елдегі өркенді істерге жаршы болып, жастар тәрбиесіне үлес қосып, ақыл айтарлықтай ортадан табылайық,”- деп, қариялар тарасты.

Қондыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале