3.07.2021, 17:12
Оқылды: 25

Сырымда кезектен тыс онлайн конференция өтті

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХXI сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.

FB_IMG_1625308933247

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Конференция отырысына филиал төрағасы Т.Төреғалиев төрағалық етті.

Күн тәртібінде Сырым ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Жосалы, Сарой ауылдық округтеріндегі әкімдер сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.
Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Жосалы ауылдық округ әкіміне Иманкулов Батырғали Рамазанұлы және Сарой ауылдық округ әкіміне Жакиев Айбол Каримоллаұлының кандидатуралары «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылды, тиісті қаулы қабылданды.

Балым Мирманова,
"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық 
филиалының кеңесші-маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале