28.08.2024, 16:15
Оқылды: 129

Сырымда «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр

Қазіргі таңда ел көлемінде «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Әрине, оқушы баласын мектепке даярлау – ең бірінші ата-анасының міндеті. Бұл міндетті әркім әлінше атқарады.

42C605F4-AFC3-43D0-929E-9E671044790E

Міне, осы кезде «Мектепке жол» – қуатты көмек. Кейде «Үкімет пен қалталы азаматтар менің балама жәрдемдесуге міндетті!» деген оймен өмір сүретін адамдарды жолықтырып тұратынымыз болмаса, білім сапарына аттанған жасөскінді қолдап, қолпаштап жібергеннің еш сөкеттігі жоқ.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында қолдауға лайық оқушылар – ең алдымен тасқыннан зардап шеккен жанұялардың балалары деп тауыпты. Кешегі аптада халықтардың татулығы мен достастығының моделіндей болған ұйымның өкілдері Сырым ауданына келіп 50 оқушыға сыйлық жасады. Оларға оқу сөмкелері, киімдер, тіпті ноутбуктар табыс етілді.

ABA202FC-373D-492A-94DD-A3B02A4F415B

Қайырымдылық акциясына Қазақстан Халқы Ассамблеясы, ұйым жанындағы жастар және Freedom Holding халықаралық қаржылық тобының елдегі ұжымдары демеуші болған.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің айтуынша, сыйлықтар Жымпитыдағы Қ.Мырзалиев, Өлеңтідегі Ж.Досмұхамедов атындағы мектептердің және Бұлдыртыдағы білім үйінің оқушыларына берілген.

Бауыржан Шерім

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале