Сырым аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі халық үшін қастерлі қос сала иелерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Одан бөлек, аудан басшысы облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін аудан әкімі Т.Төреғалиевтің алғыс хатымен, міндеттерін үлгілі атқарып, қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде және мемлекеттік қызмет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаевтың алғыс хаттарымен бірқатар сала мамандарын марапаттады.
Мерекелік шара аудандық көркемөнерпаздардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасын тапты.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz