21.06.2019, 11:49
Оқылды: 121

Сырымда оқырмандар арасында Қадыр оқулары өтті

Мұқадес Есламғалиұлы атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған  кітапхана жүйесі оқырмандар арасында «Қадыр оқулары»  аудандық байқауын өткізді.

IMG_1166

 Байқау ақын,  Қазақстанның халық Жазушысы, Мемлекетік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналды.

Оған 15 пен 29 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары қатысты. Шарада «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

IMG_1179

Оқырмандар ақынның өлеңдерін, танымал ақындардың Қадырға арнауын, 1 минутта ақынның 15 афоризмін жатқа айтып,  ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты 5 сұраққа жауап берді.

IMG_1171

22-29 жас аралығындағы оқырмандар арасында  Қазақстан ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрмұхамбет Айтқұлов жеңімпаз атанды. Бұлан ауылдық кітапханасының оқырманы Гүлжүзім Әділгереева екінші орын,   Қазақстан ауылдық кітапханасының оқырманы Жаңылай Досымбай мен  қособалық Жазира Жұма үшінші орынға ие болды. Ал 15-21 жас аралығындағы қатысушылардан Жамбыл ауылынан Бақыт Жұмабекова  бірінші, аудандық кітапхана оқырманы Нұрпатша Утепова  екінші,  Шағырлой ауылының оқырманы Бекзат Қанәділов үшінші орын игері атанды.

Шарада аталмыш  кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уәлиахметова  оқырмандарға алғысын білдірді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_1187 IMG_1193 IMG_1195 IMG_1196 IMG_1198

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале