31.08.2025, 10:00
Оқылды: 313

Сырымда педагогтар форумы өтті

Сырым ауданының білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің аудандық форумы өтті.
PHOTO-2025-08-29-19-16-11
Оқу жылының басындағы ұстаздар қауымының салтанатты шарасының алғы сөзін аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов сөйлеп, барша ұстаздарға алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
PHOTO-2025-08-29-19-16-10
Форумға ауданымыздағы білікті де, білімді мамандар TEDx форматында өз тәжірибелерімен ой бөлісті. Спикерлер педагогтің кәсіби өсуі, мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық, цифрлық технология мен ұлттық құндылық, ЖИ (жасанды интеллект) және кәсіби бағдар секілді бағыттарда арнайы бағдарламаларымен таныстырды.
Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Тоқмамбетов және аудан мекемелерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар, мұғалімдер, жас мамандардың  қатысты.
Серік Әнуарұлы жаңа оқу жылымен ұстаздар қауымын құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сондай-ақ, жиынға қатысушы ұстаздар Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы”,Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алғыс хаты», Аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасы”, Облыстық білім басқармасының «Құрмет тақтасымен»  марапатталды.
PHOTO-2025-08-29-19-16-10
Шара барысында Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі, Жаһанша Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебі, Сырым мектеп-лицейі, Көздіғара негізгі орта мектебі және “Балдырған” балабақшасы бүлдіршіндердің еркін ойлы тұлға болуы,балалардың білім сапасын көтеру бағыты бойынша дайындаған жұмыстарын қорғады.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале