23 маусым – Тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі. Биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылғанына 29 жыл.
Аталмыш мерекеге орай Сырым аудандық Ішкі істер бөлімінде салтанатты шара өтті.
Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауданның тыныштығын күзетіп, құқықбұзушылықтардың алдын алып жүрген тәртіп сақшыларын кәсіби мереке мен құттықтап, өз саласының майталманы атанып жүрген бірқатар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Одан бөлек, құқық қорғау органдарының басшылары да әріптестерін құттықтап, адалдық пен әділдікті ту еткен жауапкершілікке толы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz