Биыл еліміздің ішкі-сыртқы байланыс құралы ретінде маңызын жоймай келетін «Қазпошта» АҚ-ға 25 жыл толды.
Ширек ғасырда пошта қызметінің аясы кеңейіп, жұмысы жанданды. Хаттар мен сәлемдемелер жіберу, коммуналдық төлемдерді қабылдау, ақша аудару, несие ресімдеу, басқа да заманға сай көптеген қызмет ұсынған «Қазпоштаға» бүгінде халық сұранысы артып отыр.
25 жылдық мерекеге және 9 қазан Дүниежүзілік пошта күніне орай Сырым аудандық пошта торабының бастығы Айнагүл Жұмиева қызметкерлерін құттықтап, «Қазпошта» АҚ БҚОФ директоры Д.Хасанғалиеваның құттықтау хатын табыс етті.
Еңбегі еленіп, облыстан марапат алған пошташылар қатарында Қарлығаш Сәрсенова, Эльмира Жолдыбаева, Рая Хұсайынова, Зоя Байболатова, Айнагүл Ихсанова және Бұлдырты ауылының пошташысы Жаңылсын Сағынаева бар.
Мерейлі жылға орай «Қазпошта» АҚ зейнатақы алушылар арасында «Kazpost-тан сыйлықтар жылы» атты акция ұйымдастырған болатын. Акция ауданда да жалғасын тауып, «Технодомның» 50000 теңгелік сертификатына бір зейнеткер ие болды.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!