26.05.2020, 9:20
Оқылды: 76

Сырымда Рамазан айында 1730 адамға ауызашар берілген

Елде қалыптасқан төтенше жағдай мен карантиндік шектеу шараларына байланысты биыл Сырым аудандық орталық мешітінде ауызашар дастарханы жайылған жоқ. Бірақ бұл ауызашар берілмеді деген сөз емес.

oznor

Ауданның бас имамы Әділхан Наурызбайұлының айтуынша, оразаның 30 күнінде мешіт 1730 адамға ауызашар берген. Дәм мешіт асханасынан дайындалып, үйлерге еріктілер таратқан.

sdr

Бір айта кетерлігі, Ораза айында мешітте жайылатын дастарханға демеушілік жасау үшін жымпитылықтар бірнеше ай бұрын кезекке тұрады. Бұл да - елдің иманының бір көрінісі.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале