25.10.2023, 13:12
Оқылды: 106

Сырымда Республика күні аталып өтті

25 қазан – Республика күніне орай Сырым ауданында салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.

InShot_20231025_130242408

Салтанатты жиынның шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен түріліп, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов аудан халқын мерекемен құттықтады.

IMG_2280

- Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек” ,- дегендей 25 қазан жыл сайын Республика күні еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтілуде. Бұл мереке біздің Отанға деген махаббатымызды, тілімізге деген жанашырлығымызды, елге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түседі,- деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

InShot_20231025_130801158

Жұмагелді Жолдыбайұлы Республика күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің, аудан әкімінің алғысхаттарымен бірқатар сала қызметкерлерін марапаттады.

IMG_2281

IMG_2257

IMG_2285

IMG_2282

“AMANAT” партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев партияның Құрмет грамотасы мен төсбелгісін “Мәдениет” бастауыш партия ұйымының төрайымы Ақкүміс Мұрадымова мен Сырым аудандық мәслихатының депутаты Айнагүл Ойшыбаеваға табыстады.

IMG_2268

Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.

IMG_2287

IMG_2291

IMG_2290

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале