25 қазан — Республика күніне арналған ерлер және әйелдер арасында дәстүрлі садақ атудан батыс аймақтық ашық турнирі өтті. Жарыста Ақтау, Атырау, Ақтөбе облыстарынан, өңірдің аудандарынан келген 11 команда, 70 мерген бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облыстық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Асхат Ишанов, «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов қатысты.
Әйелдер арасындағы сайыс бойынша 50 м «Қалқан» нысанасынан 1 орынды Әсемгүл Ғалымжанова (Орал қ), 2 орынды Айымжан Уразаева (Орал қ), 3 орынды Гүлайым Лұқпанова (Сырым ауданы) қанжығаға байлады. Ақжайық ауданынан келген Альвира Тұрсынова «Жеңіске деген жігерлігі үшін» марапатталды.
60 м қашықтықтағы «Пута» нысанасы бойынша 1 орын Әсемгүл Ғалымжанова (Орал қ), 2 орын Ақерке Сансызбаева (Жаңақала ауданы), 3 орынға Гүлайым Лұқпанова (Сырым ауданы) қол жеткізді. Оралдық Айымжан Уразаева «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымына ие болды.
30 м қашықтықтағы «Жамбы» нысанасынан Оралдық 1 орын Әсемгүл Ғалымжанова 1, Айымжан Уразаева Айымжан 2, ақжайықтық Альвира Тұрсынова 3 орындарды бөлісті.
Сырымдық Гүлайым Лұқпанова «Жеңіске деген жігерлігі үшін» марапатталды.
Ерлер арасындағы ойында 60 м «Қалқан» нысанасы бойынша 1 орынды Сырым ауданының мергені Мұрат Лұқпанов, 2 орынды Жәнібек ауданынан Төрехан Нашев, 3 орынды Ақтөбе облысынан Нұрхан Бердібек еншіледі. Ақжайық ауданының спортшысы Аслан Садулаев «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымын иеленді.
70 м «Пута» нысанасы бойынша 1 орын Мержан Теміржанға (Жәнібек ауданы), 2 орын Ақжол Зинетке (Ақжайық ауданы), 3 орын Нұрхан Бердібекке (Ақтөбе облысы) бұйырды. Сырымдық Сырлыбай Ғалымжан «Жеңіске деген жігерлігі үшін» алғыс хатқа ие болды.
30 м «Жамбы» нысанасында атыраулық Қайырбек Қабыл жеңімпаз деп танылып, 1 орын иегері болды. Бердібек Нұрхан (Ақтөбе) 2, Мержан Теміржан (Жәнібек) 3 орындарды бөлісті. Орал қаласынан келген Асхат Ишанов «Жеңіске деген жігерлігі үшін» марапатталды.
Жалпы камондалық есепте 1 орын Жәнібек ауданына, 2 орын Бәйтерек ауданына, 3 орын Орал қаласына тиесілі болды. Көршілес өңір Ақтөбе «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымын иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлық, диплом, медаль табыс етілді. Садақ атудан өткен аймақтық турнирге «Қайсар» спорт клубы демеуші болды.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы