30.03.2021, 9:07
Оқылды: 173

Сырымда су сору жұмыстары қызу жүруде

Көктем келсе де бірнеше апта толассыз қар жауып, қос бүйірден қысқаны мәлім. Күн райының күрт жылынып, еріген қар суы көшелердегі қозғалысты қиындатты.

1617038285312

Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің аудан орталығындағы табиғи апатпен күрес жұмыстарының жүргізілуіне куә болып қайттық.
Аудан орталығынан ақпан айында 3400 текше метр қар шығарылса, наурыз айындағы көрсеткіш әзірге 5530 текше метрді құрап отыр. Жалпы саны 8930 текше метр қардан арылыппыз.

1617038250268

- Қазіргі таңда табиғи апатпен күрес қызу жүруде. Жымпиты ауылдық округінің жұмыспен қамту, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері арнайы техникалар арқылы су сору жұмыстарын күні-түні жүргізуде. Бүгінгі таңда Сейфуллин, Датов, Асадуллин, Есенжанов, Мендалиев көшелерінде су сорылды. Алдағы уақытта тазаланған көшелерді қайталап сору жұмыстарын жүргізуге де дайынбыз. Әйтсе де тілсіз жау саналатын суға толықтай төтеп беруге қауқарлымыз, - дейді аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Алмаз Қуанаев.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале