Жымпиты ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңадан 38 тұрғын үй қосымша салынып жатыр.
Құрылысы аяқталған бес үйдің кілті иелеріне табыс етілді. Жаңа қоныстың кілтін аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев тапсырды.
Айта кетейік, бұл бес үйдің жоба құны – 137,5 млн теңге. Құрылысты жүргізген мердігер – «ТасқалаТрансГаз» ЖШС.
Жоба авторы – «Shine Project» ЖШС. Үйдердің құрылыс жұмысы тамыз айында басталды. Бүгінгі күні 80 шаршы метрлік бес үйдің құрылысы толықтай аяқталды.
Үй иелеріне мердігер тоңазытқыш тарту етті.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы