3.08.2024, 22:43
Оқылды: 134

Сырымда үш мектеп 100% грант ұтты

Бүгін Қазақстан бойынша жоғары оқу орынында оқу үшін тағайындалған мемлекеттік грант иегерлерінің есімдері белгілі болды. Сырым ауданы бойынша 180 мектеп бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, оқуға құжат тапсырған болса, олардың 94-і қалаған мамандығы бойынша тегін білім алатын болды.
IMG_3408
Соның ішінде Аралтөбе, Жырақұдық мектептері мен Сырым мектеп лицейінің түлектері 100% грант иегері атанған.
– «Оқу инемен құдық қазғандай!» - десек, бүгін сол еселі еңбектің ақталған күні. Бұл – оқушымен бірге мұғалімінің және ата-ананың мерейі. Оқуға түсу – үлкен өмір жолындағы бірінші жеңіс. Аралтөбе, Жырақұдық мектептерінің және Сырым мектеп-лицейінің түлектері толықтай мемлекеттік грант иегерлері атанып, ауданның білім саласы үшін жаңалық жасап жатыр. Сәттілік жетіспеген, грант ұта алмаған іні-қарындастарымызды да қолдаусыз қалдырмауымыз керек. Сіздер әлі өздеріңізді дәлелдейсіздер. Армандарыңыздан бас тартпаңыздар! - дейді Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев.
Айта кетейік, грант иегерлері арасында Қазақстанның басқа қалаларын айтпағанда, Словакия мемлекетінің астанасы Братислава қаласындағы Я.А.Коменский атындағы университеттің менеджмент факультетіне қабылданған түлектер де бар.
Сырымда мектеп бітірушілердің дені химия-биология бағытындағы мамандықтарды таңдаған. Биыл оқу гранттарын бөлуде су тасқынынан зардап шеккен аймақтың талапкерлеріне басымдық берілген.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале