5.10.2024, 9:27
Оқылды: 9

Сырымда үздік ұстаздар марапатталды

Кеше Сырым аудандық мәдени-демалыс орталығында Ұстаздар күніне арналған "Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет" атты мерекелік концерт өтті.

IMG-20241004-WA0572

Мерекелік кешке ардагер ұстаздар, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру мекемелерінің, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен педагог қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарға аудандық кәсіподақ ұйымының мерекелік сый-сияпаты табысталды.

Аталған кеште Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов ұстаздарды облыс, аудан әкімдерінің алғысхатымен құттықтады.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев ауданымыздың бірқатар ұстаздарына облыстық білім басқармасының "Құрмет грамотасымен" және "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының алғысхатын табыстады.

Білім беру бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Темірбеков аудандық білім беру бөлімінің "Құрмет грамотасымен" марапаттау және оқу жылы ішінде түрлі жетістіктер, жақсы нәтижелерге қол жеткізген ұйымдар мен білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген педагог қызметкерлерге аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен арнайы номинацияларды табыстады.

IMG-20241004-WA0570

"Үздік Мектепке дейінгі ұйым – 2024" номинациясымен Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай балабақша кешені, "Үздік басшы-әдіскер" номинациясымен В.Шубин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Роза Ихсанова Роза және "Үздік әдістемелік қолдаушы" номинациясымен Абай мектеп-бөбекжай балабаша кешені директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлбарам Ахметқалиева марапатталды.

IMG-20241004-WA0569

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләззат Тапаева "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" медалі, Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет Грамотасымен және "Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

Қоңдыкер Жеңісұлы,

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале