24.09.2023, 8:51
Оқылды: 22

Сырымда заңғар жазушы Хамза Есенжановты еске алу кеші өтті

Жазушы Хамза Есенжановтың туғанына 115 жыл толуына орай Сырым ауданына Х.Есенжановтың туыстары, ұрпағы және тағы да басқа қонақтарды аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов бастаған бірқатар мекеме басшылары “қош келдіңіз” айтып күтіп алды.

IMG_6802

Қадірлі қонақтар ішінде академик, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, жазушының немере інісі Айтқожа Биғалиев, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Х.Есенжановтың келіні Дина Есенжан мен туыстары, Ақпараттық технологиялар виртуалды шындық саласы маманы Х.Есенжановтың немересі Хакім Есенжан, тарихшы-хамзатанушы Сайлау Сүлейменов, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, алаштанушы, Сырым ауданының Құрметті азаматы Дәметкен Сүлейменова, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымы болды.

IMG_6803

Алдымен Жымпитыдағы Қадыр Мырза Әли алаңында болып, көркемсөз оқу шеберлерінің өлеңдерін тыңдап, Қадыр ақын мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Кейін "Алаш" саябағындағы Алашорда үкіметінің қайраткерлеріне арналған мемориалдық кешеннің алдында естелік суретке түсіп, “Алаш” музейіндегі жәдігерлермен танысып, кейіннен С. Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде қонақтар Х.Есенжанов жайында естеліктермен бөлісті.

IMG_6808 (1)

IMG_6815

IMG_6817

IMG_6810

IMG_6813

IMG_6807

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале