16.03.2020, 10:13
Оқылды: 164

Сырымда жаңа жыр жинақтың тұсаукесері өтті

Сырым ауданында жас ақын Абзал Кәрімолланың тұңғыш жыр жинағының тұсаукесері өтті.

dav

dav

Жинақ «Тамырыма өлең болып құйылған қыз!» деп аталады.  Кәрімолла Абзал Ғалымұлы 1994 жылы 8 қарашада Шағырлой ауылында дүниеге келген. Оның әдебиетке, сөз өнеріне деген махаббаты ауылдағы Абай атындағы орта мектепте білім алып жүргенде байқалды. Абзал тырнақалды өлеңдерін де мектепте жүргенде жазды. Кейін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті атанып, өңірдегі әдеби ортамен танысты. Ақын қазіргі күні Орал қаласындағы №46 мектепте ұстаздық қызметте.  Жинақтың аты айтып тұрғандай «Тамырыма өлең болып құйылған қыз!» атты жинағына Абзал негізінен махаббат поэзиясын енгізген. Оқырмандар кітаптан ақынның басқа тақырыптардағы өлеңдерін де таба алады.

Тұсаукесер кешінде Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиев, Абай атындағы орта мектептің директоры Гүлмира Еркетілеуова, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат, «Сырым  жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Мұса және ақын, журналист Бауыржан Ширмединұлы қатысып, сөз сөйледі. Мектеп оқушылары жас ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Абзал Кәрімолланың шығармашылығы жайлы арнайы бет «Сырым елі» газетінің осы аптадағы санында жарық көреді.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале