Бүгін Сырым ауданында білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылық пен бопсалаудың алдын алуға арналған аудандық форум өтті.

Форумға аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, аудан прокуроры Ершат Камбетов, БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Афиза Семғалиева, аудандық полиция бөлімінің басшысы Бақтығали Қожахметов, БҚО әдістемелік-психологиялық қолдау орталығының басшысы Ляззат Есенова қатысты.

Шара барысында білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі мен суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.

Форумның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды күшейту.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы