18.01.2018, 11:45
Оқылды: 44

Сырымдағы көрмеде ерекше жәдігерлер бар

Сырым аудандық С. Датұлы атындағы тарихи- өлкетану музейінде «Туған жердің тарихы мен шежіресі» атты көрме жұмысын бастады.

Көрме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған. Көрмені тамашалаушылар «Қазақстанның киелі жерлерінің» картасына енген Жайық қалашығы, Теректі ауданына қарасты Долинный кентіндегі «Алтын ханшайым» табылған Тақсай қорған кешені, Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің кеңсесі, әулие Жұмағазы Хазіреттің қорымы,  ақын Ғұмар Қараштың бейіті мен хан Жәңгірдің кесенесі туралы деректермен таныса алады.

Сол сияқты облыс орталығындағы тарихи ғимараттар мен ХХ ғасырда Жымпитыда болған ескі ғимараттардың және Сырым ауданының Тәуелсіздік жылдарындағы түлеу кезеңдерінің суреттерін осы жерден көруге болады. Музей директоры Айнагүл Ойшыбаева Абдолла Жұмағалиевтің әжесі Талма ананың киімін көрмедегі ерекше жәдігер деп атап отыр.

Көрменің ресми таныстырылымына қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мәдениет және қосымша білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале